бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандағы ең көп қылмыс жасалған қалалар аталды

2025-01-20     IDOPRESS

Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейінің өсуі байқалған Қазақстан өңірлерін атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейінің өсуі байқалған Қазақстан өңірлерін атады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес,жалпы қылмыстың 5,3 пайызға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Бұл ретте,Маңғыстау облысында 12,2 пайызға (3097-ден 3474-ке),Атырау облысында 8,5 пайызға (4283-тен 4647-ге),Павлодар облысында 5,6 пайызға (5039-дан 5322-ге),Қызылорда облысында 4,6 пайызға (2871 - 3003),Ұлытау облысында 2,8 пайызға (1278-ден 1314-ке),Алматы облысында 1,6 пайызға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7 пайызға (5084-тен 5120-ға) дейін өсу байқалған.

"Ең көп қылмыс Алматы - 24 965 (18,8 пайыз) және Астана қалаларында - 17 339 (13,1 пайыз),Алматы - 10 385 (7,8 пайыз) және Қарағанды - 7 562 (5,7 пайыз) облыстарында жасалған",- делінген хабарламада.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34 пайыз алаяқтық (45 156),23 пайыз - ұрлық (30 593),6,3 пайыз - есірткі қылмысы (8 363),1,2 пайыз - тонау (1 551),2 пайыз - бұзақылық (1 615),8 пайыз - мал ұрлығы (1 051),4 пайыз - адам өлтіру (566),3 пайыз - зорлау (421),басқа құқық бұзушылықтар 32,7 пайыз (43 462).

Ауыр емес қылмыстар -7,6 пайызға (21 826-дан 20 178-ге),ауырлығы орташа қылмыстар - 16,8 пайызға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр - 2,2 пайызға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар,ұрлық - 28,3 пайызға (42 639-дан 30 593-ке),оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9 пайызға (10 530-дан 7 273-ке),пәтер ұрлығы - 33,5 пайызға (3 566-дан 237-ге),көлік ұрлығы - 42,2 пайызға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеген. Сондай-ақ,мал ұрлығы да 30,9 пайыз (1520-дан 1 051-ге) азайған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap