бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Израиль Үкіметі ХАМАС-пен бітімгершілік келісімін мақұлдады

2025-01-20     IDOPRESS

Израиль үкіметі ХАМАС тобымен Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған израильдіктерді босату туралы келісімді бекітті. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі 18 қаңтарға қараған түні мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Израиль үкіметі ХАМАС тобымен Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған израильдіктерді босату туралы келісімді бекітті. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі 18 қаңтарға қараған түні мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек,атысты тоқтату және кепілге алынған адамдарды босату 19 қаңтарда басталады. Министрлер кабинетінің отырысы сегіз сағатқа созылған.

Америкалық Axios порталының мәліметі бойынша Нетаньяхудың коалициялық Үкіметіндегі 24 министр келісімге келу туралы дауыс берді,ал сегізі қарсы болды.

Бұған дейін Израильдің әскери-саяси кабинеті ел Үкіметіне Газа секторындағы атысты тоқтатуға және кепілге алынғандарды босатуға бағытталған ХАМАС келісімін қабылдауға кеңес берген болатын. 17 қаңтарда премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі келісім министрлер кабинетінің қарауына берілгенін хабарлады.

Израиль және Еуропалық Одақ пен АҚШ-та террористік деп танылған палестиналық ХАМАС тобының өкілдері атысты тоқтату және кепілге алынғандарды алмасу туралы келісімге 15 қаңтарда қол жеткізгені белгілі болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap