бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

1,9 миллиард теңгені ұрлау схемасы әшкере болды: 27 адам күдікті

2025-01-21     IDOPRESS

ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топ "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған.

"Ол үшін Кентау қаласында "Яссы-кредит НС " Кредиттік серіктестігі" ЖШС құрылып,іс жүзінде жоқ "Expert Consulting Group" ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған. Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп,қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген.

Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп,олардың рөлдерін бөліп,жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ,құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып,ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған,ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылғаны айтылды. Сонымен қатар,жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap