бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қостанай облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған ауыл тұрғыны ұсталды

2025-01-26     HaiPress

Қостанай облысының полицейлері Сарыкөл ауылының тұрғынынан бірнеше келі марихуана мен гашиш тәркіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының полицейлері Сарыкөл ауылының тұрғынынан бірнеше келі марихуана мен гашиш тәркіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында есірткі қылмысымен күресу бойынша қызметкерлер жүргізген операция туралы хабарлады.

"Тінту кезінде полицейлер ер адамның үйінен майонез шелектері,банка,пластикалық бөтелкелер,сөмкелер мен электронды таразылар тапты,олардың ішінде өсімдік тектес есірткі заттары бар",- деп жазды ведомство.

Сараптама арқылы салмағы жеті және бес келі болатын марихуана мен гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі көлемдегі есірткі саналады.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомство аса ірі мөлшерде заңсыз заттарды сақтағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы бар екенін ескертті.

Айта кетейік,Қостанай облысында жыл басынан бері 13 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан тәркіленді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap