Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның төрт азаматын ұстады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады.
"Олар терроризмді насихаттады,экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды,сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдікке ілінген. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді",- делінген хабарламада.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметінен
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256,259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.