бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Сенат жаңа Бюджет кодексін Мәжіліске қайтарды

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Сенат депутаттары жаңа Бюджет кодексінің жобасын қарастырып,оның кейбір баптарын мақұлдамай,құжатты Мәжіліске қайта қарауға жіберді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін мәлімдеді. Атап айтқанда,жергілікті бюджет комиссиясының төрағасы мен хатшысын тағайындау нормаларын нақтылау,жол құрылысына арналған шығындарды бюджет деңгейлері арасында қайта бөлу,салықтық жеңілдіктер,Ұлттық қорды басқару,бюджеттік міндеттемелерді қаржыландыру және мемлекеттік төлемдерді бақылауға қатысты түзетулер енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар,сенаторлар экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін өзгерту,Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт тарту механизмін қайта қарау және мақсатсыз трансферттерді міндетті түрде қайтару нормасын енгізуді ұсынды.

"Осы айтылғандарды ескере отырып,Қаржы және бюджет комитеті Конституцияның 61-бабы 4-тармағына сәйкес кодекстің жекелеген баптарын мақұлдамауды және оны Мәжіліске осы баптардың жаңа редакциясын ұсыну арқылы қайтаруды ұсынады",– деді Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap