бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Зеленский: “Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайынмын“

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский егер бұл украин халқына бейбітшілік әкелудің жалғыз жолы болса,Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Егер бұл украиндар үшін бейбітшілікке қолжеткізудің және адамдарды жоғалтпаудың жалғыз конфигурациясы болса – әрине,біз бұған барамыз",– деді Зеленский ұлыбританиялық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.

Сондай-ақ,ол бұл жағдайда Кремль басшысына деген жеке көзқарасы маңызды емес екенін атап өтті: "Мен оны жау санаймын. Шынын айтсам,ол да мені жау деп санайды деп ойлаймын".

Зеленский қазіргі уақытта Украина барлық аумақтарын қайтара алмайтынын және "миллиондаған адамды қолжетпеуі мүмкін нәтиже үшін құрбан ете алмайтынын" мәлімдеді.

Сонымен қатар,ол Украина соғыста қаза тапқандар алдында берген антын бұза алмайтынын,Конституцияны өзгертіп,оккупацияланған жерлерді Ресейдің аумағы ретінде мойындай алмайтынын айтты.

Еске салайық,бұған дейін Путин Зеленскийді заңды президент деп санамайтынын,себебі оның өкілеттік мерзімі 2024 жылдың мамырында аяқталғанын,сондықтан бейбіт келісімге қол қоюға құқығы жоқ екенін айтқан болатын.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap