бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

ҚҚС-ның күрт өсуі бизнестің тұралауына әкеп соғады - депутат

2025-02-06     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалауға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше,бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы жиналған және оның жүйелі себептері бар.

"Күрделі әрі батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келді дегенді жиі естиміз. Мұнымен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Бірақ біз не көріп отырмыз? Үкімет ҚҚС-ны күрт көтеріп,оның шегін төмендетуді ұсынып отыр. Бұл ретте ҚҚС айналымнан алынатын салыққа айналуы мүмкін және барлық сома тауарлардың құнына қосылмақ,бұл - тұтынушы үшін қосымша салмақ",- деп мәлімдеді депутат.

Бейсенғалиевтің айтуынша,ҚҚС-ның күрт өсуі бизнестің тұралауына және көлеңкелі экономиканың өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

"Бизнес тығырыққа тіреледі. Барлығымыз экономиканы дамыту ең маңызды міндет екенін білеміз. Үкіметтің жұмысын экономиканы дамытуға,шетелдік инвестицияларды тартуға және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағыттау керек. Осылайша,бұл экономика көлемінің өсуі есебінен салықтан түсетін түсімдерді ұлғайтады",- деді депутат.

Жағдайды түзету үшін депутат Бейсенғалиев тиімсіз шығындарды оңтайландырып,нақты секторды қолдау шараларын қайта қарауды ұсынды.

"Мемлекет қаражатты тек нақты жұмыс орындарын құрып,жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын кәсіпорындарға салуы керек",- деді ол.

Депутат ҚҚС мөлшерлемесін көтеру тұрғысында кешенді тәсіл қажет екенін,балама шешімдерді зерттеу және салық жеңілдіктерін қайта қарау керек екенін мәлімдеді. Оның айтуынша,бұл мәселені қосымша талқылау қажет. Сонымен қатар депутат салықтан жалтарумен күресті күшейту қажет екенін жеткізді.

Айта кетейік,Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap