бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Құлпынай квик“: Қазақстандағы мектептерде жаңа есірткі тарағаны туралы хабарлама тексерілді

2025-02-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мессенджерлерде мектепте және көшеде балаларға есірткі заты бар құлпынай кәмпиттері беріліп жатыр деген ақпарат тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн",- деп хабарлады ІІМ.

Сонымен қатар,ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы ескертілді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap