бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанға 4,5 миллион доллар - Трамптың баспасөз хатшысы Байден әкімшілігін айыптады

2025-02-07     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақ үй Джо Байден әкімшілігінің шығындарын жария етті. Атап айтқанда,демократтар командасы "Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге" ақша бөлген,деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Каролин Левитт Байден әкімшілігі әрекетін "ақымақтық" деп айыптап,Гватемаладағы жынысты ауыстыру операциясына 2 миллион доллар жұмсағанын айтты.

Бұған қоса,Байден басқарған кезеңде АҚШ Ирактағы жаңа шоуға және "Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге" миллиондаған доллар бөлген.

"Иракта жаңа шоу құруға 20 миллион доллар,ал Қазақстандағы "жалған ақпаратпен күресуге" 4,5 миллион доллар бөлінді. Байден Мысырдағы "туризмді қаржыландыруға" тағы 6 миллион доллар бөлді",- деді Левитт.

Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпарат туралы айтып тұрғанын түсіндірмеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap