бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандықтар 8 тоннаға жуық алтын сатып алды

2025-02-08     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы іске қосылған тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 8 тоннаға жуық өнім сатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Ұлттық банкі 2024 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) және банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатты",- делінген хабарламада.

2024 жылы құймалар көп сатылған өңірлер:

Алматы (32 735 дана,69 пайыз),

Шымкент (5 200 дана,11 пайыз)

Қарағанды (2 209 дана,5 пайыз).

"Осылайша,2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде,халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды".

Халық арасында сұранысқа ие құйма салмағы – 10 грамм. Жалпы сатылған көлем ішінде оның үлесі 25 пайыз – 54 875 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма – 49 145 дана (22 пайыз),100 грамдық құйма – 47 943 дана (22 пайыз),20 грамдығы – 40 843 дана (18 пайыз) және 50 грамдық құйма – 29 874 дана (13 пайыз).

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap