бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Үкіметтен жаңа ақпараттық жүйеге 714 миллион теңге сұралды

2025-02-13     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесі (ӨҚАЖ) үшін қосымша 714 миллион теңге бөлуді сұрады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр ведомство қолға алған келесі қадам – өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесін енгізу екенін айтты.

"Қазіргі жүйеде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы тек партияға ілеспе құжаттар беру кезінде жүзеге асырылады,бұл толық қадағалауды қамтамасыз етпейді.

Жаңа цифрлық жүйе ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс циклы мен шығу тегін "егістен дастарқанға дейін" қағидаты бойынша бақылауға мүмкіндік береді,сондай-ақ тасымалданатын өнімдердің қауіпсіздігі мен қадағалауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,өсімдік шаруашылығы объектілерінің паспорттау жүйесін енгізу жоспарланып отыр: егістік алқаптары,тарихи деректер,өнімділік,сақтау көлемдері – осының барлығы өнімнің шығу тегінің ашықтығын қамтамасыз етеді",– деп түсіндірді Сапаров.

Министрдің айтуынша,жыл басынан бері министрлік Ақмола облысында жобаны техникалық сынақтан өткізуге кіріскен.

"Жүйені толыққанды іске қосу үшін шамамен 714 миллион теңге қажет,бұл сома техникалық тапсырмаға енгізіліп,Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілген инвестициялық жобада көрсетілген. Осыған байланысты,Олжас Абайұлы (Бектенов – еск.),үкіметтен осы жүйені жүзеге асыру үшін министрлікке қосымша қаражат бөлуді қолдауды сұраймын",– деп Үкімет басшысына үндеу жасады Айдарбек Сапаров.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap