бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандыққа бес жыл бойы елге кіруге тыйым салынды

2025-02-14     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасына сәйкес,азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша,Павлодар өңірінде 1387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың 1362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған. Мәселен,полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады. Бұл дерек бойынша сот ісі қаралып,нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ,оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды.

"Павлодар қаласында тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып,оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат міндетті түрде жауапкершілікке тартылады".

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap