ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлытау кенішіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің суреті жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері үйінді астында қалды. Кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланды. Марқұмдардың ең жасы 26 жаста болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от KAZAKHMYS (@kazakhmys_official)
Қаза тапқан кеншілердің тізімі:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы,1975 жылы туған,сорғы қондырғыларының машинисі;
Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы,1998 жылы туған,жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы,жерасты тау-кен жұмысшысы;
Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы,1991 жылы туған,тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы,1978 жылы туған,шпур бұрғылаушының көмекшісі;
Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы,1979 жылы туған,жерасты учаскесінің энергетигі;
Рожков Константин Владимирович,1992 жылы туған,жерасты тау кен қазу жабдықтарының электр слесарі.
2025 жылы 17 ақпанда Ұлытау облысы "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның 7 қызметкері үйінді астында қалды. Кабельдер үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс та жоғалды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдары,апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері,ТЖМ психологтары жұмылдырылды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтадағы төтенше жағдайдың себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
2025 жылы 18 ақпанда ТЖМ жеті жұмысшы да өлі табылғанын,олардың жеке басын анықтау үшін сараптама жүргізілетінін хабарлады.
"Жомарт" кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. Ал "Қазақмыс" корпорациясының ірі акционері - Kazakhmys Copper.