бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Перизат Қайраттың анасы да қылмыстық істің фигуранты - ҚМА

2025-02-20     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін растады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алғашбаева ақша жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылғаны туралы ақпарат тарады. Мәжіліс дәлізінде журналистер ҚМА басшысының орынбасарынан Перизат Қайраттың анасының ақша жымқыру ісіне қатысы бар-жоғын сұрады.

Елемесовтың айтуынша,Ғайни Алашбаева алаяқтыққа және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Перизат Қайраттың анасы Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс тіркелді. Әзірге оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдалған жоқ",- деді Елемесов.

Оның сөзінше,бұл іс бойынша басқа күдіктілер жоқ.

Еске салайық,2024 жылдың қарашасында ҚМА ерікті және қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Перизат Қайратқа қатысты тергеу қашан аяқталады?

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap