бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекетке қайтарылды

2025-02-21     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының игіліктерінің бірі,сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы болып табылады.

Су қоймасы 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында,демек мемлекет меншігінде болуы тиіс.

"Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын "Kazakhmys Distribution" ЖШС балансына берілген. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді.

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып,объектіні беру актісіне қол қойылды",- делінген хабарламада.

Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap