ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше,ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысы жабылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2025 жылғы 21 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ,2025 жылғы 21 ақпан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолдарды 2025 жылғы 21 ақпан сағат 19:00-де ашу жоспарланған.