ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда Қорғаныс министрлігіне Индустрия және құрылыс министрлігінің бірқатар салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп,қайта құрылады. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 13 ақпандағы тиісті жарлығы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің:
мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру,оған басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге),қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге),әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу салаларындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып,қайта ұйымдастырылсын.
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын",- делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының Үкіметі: қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді,осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.