бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

2025-02-25     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда зейнетақы,бюджет қызметкерлерінің жалақысы,сондай-ақ,атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінің мөлшері өседі. Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына,ҚҚС өсіміне,оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.

"Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны,бюджет қызметкерлерінің,мұғалімдердің,дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине,тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп,өтейміз",- деді Жұманғарин.

Айта кетейік,20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламент қарауына қабылданды.

Осы бойынша мынадай түзетулер енгізілді:

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендету;

кейбір салалар үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемені белгілей отырып,ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайту.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap