ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге Финляндия мен Францияға қарағанда төмен? Бұл сұраққа Еңбек министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресми мәліметтерге сәйкес,Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен. ОҚК-да өткен брифингте журналистер Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары,неге Қазақстанда 4,6 пайыз екенін сұрады.
"Бұл елдерде мемлекеттік органдар нашар жұмыс істей ме,әлде бізде есептеу әдісі басқаша ма?" – деген сұрақ қойылды.
Азиз Ибрагимовтың айтуынша,Қазақстанда жұмыссыздарды есепке алуды Ұлттық статистика бюросы таңдаулы зерттеу арқылы жүргізеді.
"Мұнда маңызды нәрсе – тіркелген жұмыссыздық пен тіркелмеген жұмыссыздық деген ұғымдар бар. Бірі – жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелген адамдар,екіншісі – ресми тіркелмеген,бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар. Сондықтан бұл мәселе әр ел қолданатын әдіснамаға байланысты",– деді Ибрагимов.