бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда басқарма басшысының орынбасары сотталды

2025-03-04     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажиннің үкімін жариялады.

"Ол ауланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстарда мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесемін деген сылтаумен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды",- деп жазылған хабарламада.

Қажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен мемлекет кірісіне жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын екі көлік тәркіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap