бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

“Зеленскийден маңызды хат алдым“ - Трамп

2025-03-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден келіссөз үстеліне тезірек отыруға дайын екені туралы хат алғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зеленскийден маңызды хат алдым... Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуі үшін келіссөз үстеліне тез арада отыруға дайын",- деді АҚШ президенті.

Украинадағы қақтығыс туралы айтқан Трамп "бұл ессіздікті тоқтататын,екі тараппен де диалог жүргізетін уақыт жеткенін" мәлімдеді. АҚШ президенті Украина қақтығысын аяқтау үшін "тынымсыз" жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік,бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге 28 ақпанда АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарына құқық беретін келісімге қол қою үшін келетінін мәлімдеді.

28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Оның ұшағы Joint Base Andrews әуе базасына қонды.

Алайда 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен және АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнспен жанжалдан кейін Ақ үйден шұғыл кетті.

Трамп Украина басшысы АҚШ-ты құрметтемейтінін және бейбітшілікке дайын емес екенін мәлімдеді. Кейін көптеген еуропалық көшбасшы,сондай-ақ,ЕО басшылары Зеленский мен Украинаны ашық қолдады.

Артынша АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға Украинаға бағытталған барлық әскери көмекті тоқтата тұруды тапсырды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap