бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда жүк көліктерін тексеру қатаңдатылады

2025-03-10     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді көлік құралдары мен шасси түрлерінің рұқсаттарын тексеру қатаңдатылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Техникалық реттеу және метрология комитеті мәліметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 23 ақпанда Көлік құралы мен шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген.

"Жаңа редакцияға сәйкес,сәйкестікті растау жөніндегі органға көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру үшін ұсынылатын құжаттар тізімі толықтырылды. Енді осы құжаттарға сәйкестік туралы декларация және техникалық сараптама хаттамасы қосылды.

Бұл құжаттар көлік құралдарының типін сәйкестігін бағалаудың маңызды бөлігі болып есептеледі",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,техникалық хатшылық тексерудің оң нәтижесі бойынша көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру қорытындысын рәсімдейді.

"Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – шасси мен көлік құралы типін мақұлдауды рәсімдеуге негіз болған материалдарды тексеруді күшейту. Бұл өз кезегінде сәйкестікті бағалаудың құжаттарын рәсімдеудің сапасын арттырып,техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті нығайтуға мүмкіндік береді".

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap