бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанада сырғанақ теуіп жүрген баланы көлік қағып кетті

2025-03-11     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанап түскен баланы көлік қағып кетіп,дәрігерлер оны ауруханаға жатқызды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды.

Бейнебақылау камераларынан алынған кадрларда баланың сырғанап түсіп,тұрғын үйлер арасындағы жолға шығып кеткені және оны көлік қағып кеткені көрінеді.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған.

"Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып,ауруханаға жеткізілді",– деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақтарда аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap