бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астана “жеке уақыт белдеуіне“ көше ме? Әкімдік жауабы

2025-03-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі қала "меншікті уақыт белдеуіне" көше ме?" деген сауалға жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай,Марқакөл,Үлкен Нарын,Зайсан,Тарбағатай,Самар,Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетілгенін,бұл тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапқанын мәлімдеді. Министр қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдана алатынын айтты.

Tengrinews.kz елорда "меншікті уақыт белдеуіне" көше ме?" деген сауалмен Астана әкімдігіне жүгінген.

"Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ",- деді әкімдік өкілдері ресми сауалға жауап ретінде.

Еске салайық,бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары 24 ақпаннан бастап "меншікті уақыт белдеуіне" көшкені хабарланды.

Енді Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс күні сағат 08:00-де басталып,17:30-да аяқталады,түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін. Мұндай кесте жұмыс істейтін тұрғындар күндізгі уақытты тиімді пайдалану үшін енгізілген,өйткені аймақта ерте күн шығып,ерте күн батады.

Кейін Зайсан,Күршім,Самара аудандандарының тұрғындары да 5 наурыздан бастап жұмыс күнін бір сағат ерте бастайтын болды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap