бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Президент қазақстандық кинодағы тенденциялар туралы айтты

2025-03-15     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы қазақстандық кинематография туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан,яғни,негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес,сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп,күлкі сыйлау – бір бөлек,жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа.

Зорлық-зомбылықты,қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болды. Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн.

Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес,жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де,фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн",- деді Мемлекет басшысы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap