бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Садақ атып, нысанаға дөп тигізген әжей Қазнетті тамсандырды

2025-03-17     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде нысанаға садақты бірден дәл тигізген әженің видеосы тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы әжейдің есімі – Ләззат. Ол 64 жаста,жолдасымен бірге Түркістанда шағын қонақүйді басқарады. Оның айтуынша,балалық шағында жиі садақ атқан,бірақ ол тек ойын болған,нағыз жаттығу емес.

"Садақты қайта қолға алғаныма шамамен бір ай болды. Бұл видеоны немерем түсірді. Екі ересек балам бар: ұлым мен қызым,олардың өз отбасылары бар. Жолдасым екеуміз шағын қонақүйді басқарамыз,бізге шетелден – АҚШ пен Еуропадан жиі саяхатшылар келеді. Оларға Түркістан мен біздің мәдениетіміз қызық",– дейді ол.

Сонымен қатар,ол садақты өзі сатып алғанын және қазір жаттығып жүргенін айтты.

"Видеоны осыншалықты көп адам көріп,қызығушылық танытады деп күтпедім. Әзірге бұл тек хобби. Бірақ,әрине,жарыстарға қатысқым келеді. Болашақта бұл мүмкін болады деп үміттенемін",– деп қосты ол.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap